ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.
- Сұрақтар: 49
- Жауаптар: 46
- 23.07.2013
- 25.07.2013
- Қызылорда облысының әкімі
Досанов Арман Алпамысұлы 23.07.2013, Сұрақ нөмірі:
Ассалаумағалейкум Қырымбек Елеуұлы!Жұмысыңызға сәттілік тілеймін.Менің Сізге қояр сұрағым,қолжетімді баспана негізінде болмақ.Мен осы қаланың тұрғынымын.Басымда баспанам жоқ.Біз 3 ағайындымыз.Мен және қарындасым мен інім.Анамыз қайтыс болған.Әкеміз басқа отбасын құрып,бөлек кеткен.Жанұяда мен ғана жоғары білім алып,қазір жұмысымның жемісін коріп жатқан жайым бар.Мамандығым инженер-құрылысшы.Айлық табысым 80 мын тенге.Қарындасымның табысы 35 мын тенге.Інім жұмыссыз.Пәтер жалдап тұрамыз,айына 60 мын тенге.Осыған байланысты сізден өтініш;бізге өкімет тарапынан қолжетімді баспана бағдарламасы бойынша пәтер алуымызға көмегіңізді беруіңізді сұраймын.Текке пәтер ақыны біреуге төлегенше үкіметке төлеп,баспаналы болайық деген ойым ғой аға.Сізден жақсы хабар күтемін.Арман ініңіз.
Администратор 23.07.2013
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарының 2.2.-тармағына сәйкес, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама шеңберінде бірнеше бағыттар бекітілген, оның ішінде: 1. Жергілікті атқарушы органдарды (ЖАО) кезекте тұрған азаматтар үшін тұрғын үй салу. 2. Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша: 1) халықтың барлық санаттары үшін; 2) жас отбасылар үшін тұрғын үй салу. (29 жасқа дейін) 3. «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» Акционерлік Қоғамының тұрғын үй салуы. Осы аталған бағыттар бойынша жас мамандар, жас отбасылары, халықтың барлық санаттары үшін сатып алу құқығымен арендалық үйлер салынып, бағдарламаның талаптарына сәйкес пәтерлер берілетін болады. Бағдарламаның қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқасы қала әкімдігінің www.kyzylorda-city.kz веб-сайтына, оның ішінде «электрондық кезек тізімдері, үй кезегінде тұрған адамдар тізімі» сілтемесінде орналастырылды. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасының «Халықтың барлық санаттары үшін арналған тұрғын үй » бағыты бойынша «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалына хабарласуға болады. Байланыс телефоны: 27-05-02, 26-26-64. Сонымен қатар, «Жас отбасыларына арналған тұрғын үй», «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ-ның сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй салуы» бағыттары бойынша пайдалануға берілетін үйлерге құжаттар қабылдау жүргізілетіндігі жөнінде, құрылыс басталғаннан кейін 3 айдан кешіктірілмей www.kyzylorda-city.kz веб-сайтына және жергілікті баспасөз құралдарында хабарландыру беріледі.