ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.
- Сұрақтар: 49
- Жауаптар: 46
- 23.07.2013
- 25.07.2013
- Қызылорда облысының әкімі
Рабатова Куралай 24.07.2013, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Кызылорда каласында жер учаскелерине кезекке турдык, сонын ретин ашык турде коруге мумкиндик бар ма? Рахмет
Администратор 24.07.2013
Қала аумағынан жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін өтініш білдірген азаматтардың саны бүгінгі күні 40 мыңға жуықтап отыр. Осы ретте, комиссия жұмысының ашық болуын, жалпыға қолжетімді болуы үшін нақты жер алуға тиісті өтініштер кезектілігінің тізімі қала әкімдігі веб сайтының (www.kyzylorda-city.kz) «Үй және жеке тұрғын үй құрылысының кезек тізімдері» тармағына енгізілді және бұл мәліметтер қажеттілігіне қарай жаңаланып отырады.