ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРЫН ЕРЛАН МҰХТАРҰЛЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Павлодар облысының әкімі Арын Ерлан Мұхтарұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 57
  • Жауаптар: 57
  • 16.10.2013
  • 18.10.2013
  • Павлодар облысының әкімі - Арын Ерлан Мұхтарұлы

Еркебұлан 17.10.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Павлодар облысында павлодарлық ақын-жазушылардың және жас қаламгерлердің кітаптарын жарыққа шығаруда қолдау бар ма?

Администратор 17.10.2013

2012 жылы республикалық «Фолиант» баспаханасында «Ертіс-Баян кітапханасы» сериясымен павлодарлық авторлардың кітаптары жарық көрді. Оқырман назарына Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелері Ақын Алақанұлының «Қарасай мен Қызылсай», Сүлеймен Баязитовтың «Алаш арыстары», Арман Қанидың «Сен және мен», Виктор Семерьяновтың «Мен Қазақстанда тұрамын» атты 2 томдығы және жас ақындардың «Тәуелсіздік тұғыры» өлеңдер жинағы басылып шықты. Ал биылғы жылы «Ертіс-Баян кітапханасы» сериясымен Қуандық Мәшһүр Жүсіптің «Қыздар, жігіттер», Ғалымбек Жұматовтың «Арналы ағыс», Юрий Поминовтың «Друзей моих прекрасные черты» атты кітаптары жарияланды. Сондай-ақ жыл сайын аймақтың ақын-жазушылары мен жас қаламгерлеріне кітап шығаруға демеушілік қолдау ретінде облыс әкімінің гранты тапсырылады.