Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Доскали Ернар 31.03.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Шетелдерде мемлекеттік қызметтерді электрондық жүйе арқылы көрсету қолға алынған, біздің елде ондай жұмыс жасалып жатыр ма? Қашан кәсіпкерлер үйде отырып электронды қызмет алуға мүмкіндік болады. Рахмет.

Администратор 27.07.2008

Өте дұрыс сұрақ. Көптеген дамыған шет мемлекеттерде электрондық мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары дұрыс жолға қойылған. Бизнесмендер және басқада азаматтар офистерінде, үйлерінде отырып, қажетті мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндіктері бар. Бұл уақытты үнемдеуге жәрдем береді. Олардың тәжірибесімен біздің қызметкерлер танысып, электронды қызмет көрсетуді мемлекетімізде ендіру бағытында жоспар жасадық. Электронды қызмет көрсетуді жақын арада пилотты түрде Шығыс Қазақстан облысында енгізуді бастаймыз. Соның қорытындысы негізінде келешекте электронды қызмет көрсетуді басқа облыстарда да бастаймыз.