АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Б. МҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Ақтөбе облысының әкімі Мұхамбетов Архимед Бегежанұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 28
  • Жауаптар: 28
  • 13.05.2013
  • 15.05.2013
  • Ақтөбе облысының әкімі

Аскарова Жумагул 13.05.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Сәлематсызба Архимед Бекежанұлы! Оңтүстік-Батыс 2 ауданы 142 участкеде тұрамын, Үйдің жанынан тұрғындар жүру үшін 6 метр жол ашты. Енді осы жолмен жеңіл де ауыр жол көліктері күні-түні жүреді, жук машиналары үйдін жанындағы тоқ, телефон сымын үзетін болды. Машина қағып кетеді деп балаларымды қадағалап отыратын болдық. Көктемде қала әкімінің орынбасары Дадинге ауданымыздың тұрғындарымен болған кездесуінде осыны айтқанмын, қараймыз деген, әлі нәтижесін жоқ. 6 метр жол адам журмесе машина журетін жол емес. Жалгыз мен емес коршілерімнің де қысы жазы мазасы кетті. Сізден сұрайтыным осы тар жолға жергілікті жол полициясы машина жүруге болмайды деген знак қойып берсе екен. Я бұл куыс жолды жабу туралы сұрақты шешіп беруіңізді сұраймын.

Администратор 22.05.2013

Саламатсызба. Аталмыш жол осы елді мекен тұрғындарының өтініші бойынша арнайы ашылған болатын. Қазақстан Республикасының 3.01-01-2006 «Қалақұрылысы, қалалық және ауылдық елді мекендерде құрылыс жоспарлау және салу» ҚНжЕ-нің (СНиП) талаптарына сәйкес, қөлік жүретін жолдың ені кем дегенде 3,5 метр болуы тиіс. Талаптарға сәйкес келуіне байланысты бұл жол жабылмайды.