ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.А. БОЗЫМБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Жамбыл облысының әкімі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 21
  • Жауаптар: 21
  • 10.07.2013
  • 12.07.2013
  • Жамбыл облысының әкімі

Жорабекулы Ержан 12.07.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Бір бөлмелі пәтерде 7 адам тұрамыз. Әкем мен шешем қарапайым жұмысшылар. Жұмыс істеп тапқан тиын-тебендер азық-түлікке әрең жетеді. Бізге бір бөлмелі пәтер таршылық етеді, ең болмаса екі болмелі пәтер алуға көмектессеңіз екен.

Администратор 13.07.2013

Саламатсыз ба Ержан! Тұрғын үйге халықтың тарапынан сұраныс өте көп, дегенмен Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 69 бабының 1-тармағында, Азаматтар, егер «Қазақстан аумағында меншік құқығымен өздерінің тұрғын үйі болмаса, тұрғын үйге мұқтаж деп танылады» деп көрсетілген. Осы Заңға сәйкес, Сіздің атыңызда меншік құқығымен тұрғын үй тіркелмеген жағдайда қордан үй алу кезек тізіміне тіркеуге тұруға мүмкіндігіңіз бар.