ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ "ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ - ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ" АТТЫ ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ ЖӘНЕ НАСИХАТТАУ БОЙЫНША АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІГІМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Алматы облыстық әкімдігі "ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ - ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ" атты ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша Интернет-конференция өткізеді. Барлық сұрақтарға жауаптар ағымдағы жылғы 26 наурызда "электрондық үкімет" порталында жарияланатын болады.

  • Сұрақтар: 26
  • Жауаптар: 26
  • 16.03.2010
  • 26.03.2010
  • Акимат Алматинской области

Мария САДУАҚАСОВА. 30.03.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Жолдауда балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамтуды арттыруға арналған «Балапан» бағдарламасы жайлы айтылды. Осы бағдарлама бойынша біздің облыста қандай шаралар қолға алынады?

Администратор 31.03.2010

Дәл қазіргі кезде облыста 80 балабақша мен 286 шағын орталық жұмыс істейді. Мектепке дейінгі жастағы балалар саны 100 мыңға жуық болса, олардың 21 мыңы мектепке дейінгі мекемелерге барады және соған сай қамтылу көрсеткіші 21,5 пайыз. Бүгінгі күн 19 мың орын жетіспейді. Балабақша мен шағын орталықтарға қатысты тапшы¬лықты одан ары азайту мақсатында 2010 жылы төмендегі шаралар қолданылады: 43 балабақша мен жалпы білім беретін мектептер жанынан 77 шағын орталық ашылады. Мектепке дейінгі мекемелерге баратын балалар саны 36228-ге жеткізіліп, қамту көрсеткіші 37 пайызға көтеріледі.