ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ С АКИМОМ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ КОКРЕКБАЕВЫМ КАРИМОМ НАСБЕКОВИЧЕМ О ХОДЕ РЕАЛИЗАЦИИ ПОСЛАНИЯ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН НАЗАРБАЕВА Н.А. НАРОДУ КАЗАХСТАНА

Интернет-конференция с акимом Жамбылской области Кокрекбаевым Каримом Насбековичем «О разъяснениях Послания Президента Республики Казахстан – Лидера Нации Н.А. Назарбаева народу Казахстана от 11 ноября 2014 года «Нұрлы жол – путь в будущее», а также ходе его реализации»

  • Сұрақтар: 23
  • Жауаптар: 23
  • 01.07.2015
  • 03.07.2015
  • Аким Жамбылской области

Советова Инкар 01.07.2015, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Шу ауданы Бірлік ауылының тұрғынымын. Ауылда М.Х.Дулати атындағы орта мектеп апатты жағдайда. Жаңа мектептің құрылысы 2014 жылы басталған. Мектептің құрылысы қыркүйек айына дейін біте ма? Балаларымыз жаңа оқу жылында жаңа мектепте оқи ала ма?

Администратор 02.07.2015

Құрметті Іңкәр, сұрағыңыз өте орынды. Біздің басты мақсатымыз, балалардың сапалы білім алуына жан-жақты жағдай жасау. Жалпы облыс бойынша апатты жағдайдағы мектептер саны – 19 құраған. Салынып жатқан мектептер есебінен 2015 жылы 9 мектептің мәселесі шешіліп, апатты мектептер саны 10-ға (2,2%) қысқарады. Қалған мектептердің мәселесі 2016-2018 жылдары кезең-кезеңімен шешіледі деп жоспарлануда. Шу ауданы Бірлік ауылында 600 орындық мектептің құрылысы 2014 жылдың маусым айында басталған. Құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес 2015 жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталатын болады. Бұл мәселе менің жеке бақылауыма алынған. Сондықтан, балаларыңыз жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастайтын болады деп сенемін.