ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.

  • Сұрақтар: 49
  • Жауаптар: 46
  • 23.07.2013
  • 25.07.2013
  • Қызылорда облысының әкімі

Ешниязов Нұржан Ерділдаұлы 25.07.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қадірлі Қырымбек Елеуұлы! Қызметіңізге табыс тілеймін. Солтүстік Арал теңізіне бөгет салынғалы, теңіз маңындағы ел балық аулап, ата кәсіпке қайта орала бастады.Осы орайда сұрайын дегенім, «САРАТС» жобасының екінші кезеңі қашан басталады?

Администратор 25.07.2013

Нұржан, тілектестігіңе рахмет. Теңізде қазірде балықтың түрі көбейіп, еліміздің әр аймағына көшіп кеткен байырғы балықшылар қайта көшіп келе бастады. «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтау» САРАТС-2 жобасын жүзеге асыру мәселесі тікелей Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың басты назарында тұр. Биылғы жылы 27 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен өткен «Оңтүстік өңірлерді дамыту мәселелері туралы» кеңесте Елбасы «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасының екінші фазасының бірінші кезеңін ағымдағы жылы іске асыруды қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берген болатын. Бүгінгі күнге САРАТС-2 жобасының бірінші кезеңінің ТЭН-і экологиялық сараптамадан өтіп, экономикалық және құрылыс сараптамаларынан өткізу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, САРАТС-2 жобасын жүзеге асыруды Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі әзірлеп жатқан «Қазақстанның 2014-2040 жылдарға арналған су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасы» жобасына енгізу жөнінде ұсыныс беріліп, қолдау тапты.