ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.
- Сұрақтар: 49
- Жауаптар: 46
- 23.07.2013
- 25.07.2013
- Қызылорда облысының әкімі
Шатенов Манас 25.07.2013, Сұрақ нөмірі:
Әкім мырза, ауылда азды-көпті мал ұстап жан бағып отырған жәйіміз бар. Жаз айларында өттеу ауруымен малымыз ауырады кей жағдайларда өлім-жітімге ұшырайды осыған мемлекет тарапынан дәрі-дәрмек бөліне ме?
Администратор 25.07.2013
Манас өттеу (тейлериоз) ауруы облысымызға тән энзоотиялық дерт екені белгілі. Бұл ауруға қарсы өткен жылы облыстық бюджеттен 27,3 млн. теңге бөлініп қажетті ветеринариялық препарат (вакцина) сатып алынып, Қызылорда қаласы мен аудандарға жеткізіліп берілді.Ал үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен 34,7 млн. теңге бөлініп қажетті ветпрепарат сатып алынып, егу жұмыстары жүргізілуде.