ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.
- Сұрақтар: 49
- Жауаптар: 46
- 23.07.2013
- 25.07.2013
- Қызылорда облысының әкімі
Таширова Мархабат Бисенбиевна 25.07.2013, Сұрақ нөмірі:
Қырымбек Елеуұлы! Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамыту үшін кредиттер беріледі ма, оны қалай алуға болады?
Администратор 25.07.2013
Мархабат, биылғы жылға «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамыту үшін 1584 млн.теңге, оның 1 млрд.теңгесі «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына, 584 млн.теңгесі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на берілді. Несие алушылардың жас мөлшері шектелмейді, жұмыспен қамту орталығына тіркелген жұмыссыздар, зейнеткерлер, оралмандар және т.б. несие алушылар бизнес жоспарларын комиссияға ұсынады және комиссияның шешімі арқылы 5 жыл мерзімге 3 млн.теңгеге дейін беріледі. Осы бағытта басқа да сұрақтар болса, бағдарламаның үйлестірушісі - облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан мәлімет алуға болады.