ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.
- Сұрақтар: 49
- Жауаптар: 46
- 23.07.2013
- 25.07.2013
- Қызылорда облысының әкімі
Әсел Омарова 25.07.2013, Сұрақ нөмірі:
Саламатсыз ба әкім мырза! Менің сұрағым: кәмелетке толмаған балаларым бар. Олар ауырған кезде тегін дәрі-дәрмек бірде берсе, бірде бермейді. Ол неге байланысты?Негізі балаларға дәре тегін беріледі ме? Берілсе қандай жағдайда? Оның шарттары мен жолдары? Сонымен қатар "Внутричерепное давлениемен" есепте тұрмыз, оған қандай көмек бар? Алдын ала алғысымды білдіремін.
Администратор 25.07.2013
Құрметті Әсел! Амбулаториялық емдеу кезеңінде дәрілік заттар мен мамандырылған емдік тағам рецепт бойынша тегін босатылатын аурулардың түрлері мен халықтың жекелеген санаттарының тізбесі» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің №786 бұйрығына сәйкес, тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiмен және тегін дәрілік заттармен 0-18 жас арасында балалар қамтамасыз етіледі. Өкінішке орай Сіз атаған «Внутричерепное давление» диагнозы жоғарыда аталған бұйрықтың тізбесінде жоқ, сол себептен балаларыңыз бекітілген емхананың күндізгі ауруханасында ем қабылдай алады.