ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРЫН ЕРЛАН МҰХТАРҰЛЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Павлодар облысының әкімі Арын Ерлан Мұхтарұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 57
- Жауаптар: 57
- 16.10.2013
- 18.10.2013
- Павлодар облысының әкімі - Арын Ерлан Мұхтарұлы
баянауыл ауданының мәдениет қызметкерлері атынан 18.10.2013, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Ерлан Мұхтарұлы!
Өңіріміздің көрікті жері Баянауыл - небір асыл азаматтарын дүниеге келтірген мекен. Қыркүйек айының 22 жұлдызында сол асылдардың бірі, ұлтымыздың мақтанышы, Қазақ академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың Баянауыл ауылындағы мемориалдық мұражайдың күрделі жөндеуден өткізіліп, қайта ашылуы мен жаңа ескерткіштің ашылу салтанатына куә болдық.
Ашылу салтанатына арнайы қатысқан, Қаныш Сәтбаев туралы бірнеше кітаптың авторы, жазушы Медеу Сәрсеке тағы басқа ғалымдар, ғалымның туыстары өз сөздерінде мұражайдың жаңартылғандығына қуанышты екендіктерін білдірді. Ғалымның мұражайы жаңа заманға сай болып, ұлы тұлғаның өмір деректері мен еңбектерін зерттеп, тану жолында өскелең ұрпақтарға зор үлес қосатынына сенім білдіреміз. Келешек ұрпақ үшін бұл мұражайдың алатын орны зор екендігі сөзсіз.
Құрметті Ерлан Мұхтарұлы! Біз де өз атымыздан халыққа ұсынылған игілікті істің қозғаушысы, ұйытқысы болғандығыңыз үшін сізге алғысымызды білдіреміз.
Деңінізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз.
Администратор 18.10.2013
Ықылас-пейіліңізге рахмет! Елімізде тек амандық пен жақсылық көп болсын!