ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ МИНИСТРІ Ұ.С.ҚАРАБАЛИННІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЕЛБАСЫНЫҢ "ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛ - 2050: БІР ТАҒДЫР, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ" ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ МЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Елбасының "Қазақстандық жол - 2050: Бір тағдыр, Бір мүдде, Бір болашақ" Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру мен жүзеге асыру жолдары бойынша Интернет-конференция өткізеді. Барлық сұрақтарға жауаптар "электрондық үкімет" веб-порталында а.ж. 25 маусымында жарияланатын болады.

  • Сұрақтар: 31
  • Жауаптар: 20
  • 25.06.2014
  • 25.06.2014
  • Қазақстан Республикасының мұнай және газ министрі

Рәшит 25.06.2014, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Саламатсяз ба, министр мырза. Мұнайгаз саласының маманымын, бірақ қазіргі кезді жұмыссызбын. Осы мәселе бойынша көмектесе аласыз ба?

Администратор 25.06.2014

ҚР Мұнай және газ министрлігі не Заңмен де, не басқа нормативтік құқытық актілерімен де Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмысқа орналастыру министрліктің құзыретінде көзделмегендігін назарыңызға береді. Қазіргі уақытта жастарды жұмыспен қамтудағы көмектесу шаралары әр облыста жүзеге асырылуда. Жұмысқа орналастыру мәселесімен өзіңіз тұратын өңіріңіздегі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына өтінішпен шығуыңызға болатындығын хабарлаймыз. Сонымен қатар, Министрлік жеке меншік, оның ішінде Ұлттық компаниялардың ішкі кадр саясатына араласпайтындығын айта отырып, оларға жұмысқа қабылдау туралы өтінішпен өзіңіз тікелей шығуыңызға болатынын хабарлайды.