ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ МИНИСТРІ Ұ.С.ҚАРАБАЛИННІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЕЛБАСЫНЫҢ "ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛ - 2050: БІР ТАҒДЫР, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ" ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ МЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Елбасының "Қазақстандық жол - 2050: Бір тағдыр, Бір мүдде, Бір болашақ" Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру мен жүзеге асыру жолдары бойынша Интернет-конференция өткізеді. Барлық сұрақтарға жауаптар "электрондық үкімет" веб-порталында а.ж. 25 маусымында жарияланатын болады.
- Сұрақтар: 31
- Жауаптар: 20
- 25.06.2014
- 25.06.2014
- Қазақстан Республикасының мұнай және газ министрі
Азамат 03.07.2014, Сұрақ нөмірі:
Саламатсыз ба Ұзақпай аға. Мен бұрын мұнайгаз компанисында жұмыс істедім, одан соң сокращенияға түсіп қалдым. Тәжірибем бар, жалқау емеспін. Жұмысқа орналасуға көмек сұраймын. Рахмет көптен көп.
Администратор 03.07.2014
Құрметті Азамат. ҚР Мұнай және газ министрлігі Сіздің өтінішіңізді қарап, не Заңмен де, не басқа нормативтік құқытық актілерімен де Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмысқа орналастыру министрліктің құзыретінде көзделмегендігін назарыңызға береді. Қазіргі уақытта азаматтарды жұмыспен қамтудағы көмектесу шаралары әр облыста жүзеге асырылуда. Жұмысқа орналастыру мәселесімен өзіңіз тұратын өңіріңіздегі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына өтінішпен шығуыңызға болатындығын хабарлаймыз. Министрлік жеке меншік, оның ішінде Ұлттық компаниялардың ішкі кадр саясатына араласпайтындығын айта отырып, оларға жұмысқа қабылдау туралы өтінішпен өзіңіз тікелей шығуыңызға болатынын хабарлайды.