АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Атырау oблысының әкімі Ізмұхамбетов Бақытқожа Салахатдинұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 35
  • Жауаптар: 35
  • 28.05.2013
  • 30.05.2013
  • Атырау облысының әкімі

Ибрашев Ануар 29.05.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Cәлеметсізбе Бақтықожа Салахатдинұлы! Мен Құрманғазы ауданы Еңбекші селосы тұрғынымын.Ауданда мал ұрлығы көбейіп тұр. Осыған байланысты қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

Администратор 03.06.2013

Мал ұрлығы бойынша 2013 жылдың үш айдағы қорытындысымен барлығы 11 факті, ал, былтырғы жылы 21 факті тіркеліп, қылмыс 47,6 пайызға төмендеген. Құрманғазы ауданына қарасты Еңбекші, Дыңғызыл селолық округтерінде сатылатын малға арнайы мал соятын цехтар және онда полиция қызметкерлерінің тексеру анықтамасы арқылы өткізу жолға қойылған. Ауданда жекеменшік және шаруа қожалықтарындағы мал басын таңбалау, сырғалау, арнайы мал бағатын бақташылардың болуы мәселелерін шешу қажет.