АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Атырау oблысының әкімі Ізмұхамбетов Бақытқожа Салахатдинұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 35
  • Жауаптар: 35
  • 28.05.2013
  • 30.05.2013
  • Атырау облысының әкімі

Бисахов Рашиден 29.05.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Бақтықожа Салахатдинұлы! Махамбет ауданының Жалғансай елді-мекенінің тұрғындары атынан сұрағым бар еді, біздің ауылға кірме жолдың жағдайы өте нашар, жаңбырлы күндері жүру мүмкін емес, қашан жөнделеді екен?

Администратор 03.06.2013

Махамбет ауданына қарасты Жалғансай селосының кірме жолын күрделі жөндеу мақсатында 2012 жылы жобалау-сметалық құжаттама жасақталды. Қазіргі таңда республикалық бюджеттен қаржыландыру мақсатында ҚР Көлік және коммуникация министрлігіне ұсыныс-хаттар жолданып, қаржы бөлу мәселелері қаралуда. Қаржы бөлінген жағдайда аталған жолды 2014-2015 жылдары күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.