ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Д.К.АХМЕТОВПЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Д.К.АХМЕТОВПЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

  • Сұрақтар: 17
  • Жауаптар: 17
  • 27.02.2015
  • 27.02.2015
  • ШҚО әкімі Д.К.Ахметов

Әсел Қыдырова 27.02.2015, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Сәлеметсіз бе, құрметті Даниал Кенжетайұлы! Аудандарға жас мамандарды тарту үшін кедергі болатын бір мәселе - ол тұрғынүй мәселесі. Тұрғын үй мәселелері облысымыздағы қалаларда біртіндеп шешілуде. Десекте ауылды елді мекендерде бұл мәселе бәсеңдеп тұр. Елбасымыз өз жолдауында тұрғын үй инфрақұрлымына қолдау жайында ерекше тоқталып өткен болатын. Үржар ауданында тұрғын үй инфоқұрлымын дамыту жөніндегі жоспарларыңызға тоқталып өтсеңіз.

Администратор 27.02.2015

Құрметті, Әсел! Үржар ауданында «Қол жетімді баспана 2020» мемлекеттік бағдарламасының «Жергілікті атқарушы органдарында кезекте тұрушылар үшін жергілікті бюджет есебінен жалдамалы үй» бағыты бойынша Үржар және Таскескен ауылдарында тұрғын үйдің құрлысы жүріп жатыр. Бұл үйлер 2015 жылы тапсырылмақ.