ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ ТУРАЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АМАНДЫҚ ҒАББАСҰЛЫ БАТАЛОВПЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовпен интернет-конференция

  • Сұрақтар: 12
  • Жауаптар: 12
  • 14.04.2015
  • 14.04.2015
  • Амандық Ғаббасұлы Баталов

Мұрат Мейірғалиев 14.04.2015, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Облыста апатты мектептер әлі де бар. Бұл жерлерде ата-аналар балаларының тағдырына алаңдайтыны жасырын емес. Осы мәселе қашан толық шешімін табатынын білгім келеді?

Администратор 15.04.2015

Облыста барлығы 24 апатты мектеп болған, оның ішінде апатты 18 мектептің мәселесі 15 жаңа мектеп салу және 3 мектепке күрделі жұмыстар жүргізу арқылы шешілген. Ал қалған 6 мектептің 5-еуінің құрылысы басталып, үстіміздегі жылы пайдалануға беріледі. Атап айтқанда, Панфилов ауданының Төменгі Пенжім ауылындағы 180 орындық, Қапшағай қаласындағы 120 орындық, Талғар ауданының Ақдала ауылындағы 300 орындық, Көксу ауданының Кеңарал ауылындағы 120 орындық және Кербұлақ ауданының Нұрым ауылындағы 120 орындық орта мектептер. Райымбек ауданының Сарыжаз ауылындағы 600 орындық 1 орта мектептің жобалық-сметалық құжаттары даярлануда, жоба 2016-2017 жылдарда жүзеге асырылады деп белгіленген.