ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ КӨШЕРБАЕВ ҚЫРЫМБЕК ЕЛЕУҰЛЫМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Қызылорда облысының әкімі Көшербаев Қырымбек Елеуұлымен интернет-конференция

  • Сұрақтар: 18
  • Жауаптар: 12
  • 22.06.2015
  • 22.06.2015
  • Аким Кызылординской области

Нұралы Оспанов 22.06.2015, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Арал ауданының тұрғынымын. Биыл Қамбаш көлі жанындағы ескі киіз үйлер алынып, олардың орнына жақсы демалыс орындары салынып жатырғанын көріп, қуанып жатырмыз. Қазір Қамбаш көліне жан-жақтан адамдар келіп, тынығуда. Лагерь жанынан пансионат ашылды. Ауылымыздың болашағы зор. Жалпы Қамбашта демалыс аймағы ретінде тағы да қандай жобаларды іске асыру жоспарыңызда бар?

Администратор 22.06.2015

Сұрағыңызға рахмет. Арал ауданында Арал теңізі және Қамбаш көлінің орналасуы аудан көлемінде туризм саласының дамуына зор мүмкіндік береді. Облыс көлемінде туристік кластерін дамытуға басымдық беріліп отырған «Байқоңыр» ғарыш айлағына аудан арқылы теміржол және автокөлік жолдары жүргізілген. Осыған орай Арал, Қазалы аудандарынан 24 кәсіпкер тиесілі жер телімдерін алып, құрылыс жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстар атқарып, 25 млн. теңгеден астам инвестиция құйып отыр. Қазіргі таңда, демалыс аймағында үлкенді-кішілі 80-ге жуық нысанның құрылысы жүргізілуде. Көл жағалауында катер, үрлемелі қайық, катамаран, гидроцикл сынды жүзу құрылғылары тынығушыларға қызмет көрсетуге даяр. Құрылыс жұмыстарына 350-ден астам жергілікті жұмысшылар тартылды. Құрылыс нысандары толығымен пайдалануға берілгеннен кейін 150-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Сондай-ақ, тынығушылардың жағдайын жасау мақсатында облыстық бюджет қаражаты есебінен инфрақұрылым тарту үшін қомақты қаржы бөлініп, демалыс аймағы шекарасына дейін электрэнергия, су құбыры, жол тартылған болатын. «Қамыстыбас» демалыс аймағының ішкі абаттандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен – 23 387 264 теңге бөлінді. Сонымен қатар Қамбаш демалыс аймағына туристер үшін салынатын құрылыстарға (қонақ үй, асхана, бунгалдар, пирс т.б.) ауданымыздың республика көлемінде тұратын танымал кәсіпкер азаматтарын инвестор ретінде тарту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстардың барлығы бекітілген «Қамыстыбас» демалыс аймағының бас жоспарына сәйкес жасалатын болады.