ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ С АКИМОМ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ КОКРЕКБАЕВЫМ КАРИМОМ НАСБЕКОВИЧЕМ О ХОДЕ РЕАЛИЗАЦИИ ПОСЛАНИЯ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН НАЗАРБАЕВА Н.А. НАРОДУ КАЗАХСТАНА

Интернет-конференция с акимом Жамбылской области Кокрекбаевым Каримом Насбековичем «О разъяснениях Послания Президента Республики Казахстан – Лидера Нации Н.А. Назарбаева народу Казахстана от 11 ноября 2014 года «Нұрлы жол – путь в будущее», а также ходе его реализации»

  • Сұрақтар: 23
  • Жауаптар: 23
  • 01.07.2015
  • 03.07.2015
  • Аким Жамбылской области

Жорғатаева Шарипа Изетовна 01.07.2015, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Жұмыспен қамту 2020 жол картасына жалпы кімдер қатыса алады

Администратор 02.07.2015

Құрметті Шарипа Ізетқызы, мемлекеттік бағдарламаның орындалуы бойынша қойып отырған сұрағыңыз үшін алғысымды білдіремін. «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» Бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2011-2013 жылдары туындаған мәселелер ескеріліп, тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осыған орай, Бағдарламаға қатысушылардың да ауқымы ұлғайып отыр. 2011-2012 жылдары Бағдарламаға өз бетімен жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және аз қамтамасыз етілген азаматтар ғана қатыса алса, қазіргі кезеңде Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттарына қатысу басымдылығы қарастырылған. Олар: - жалпы білім беру мектептерінің 11-сыныбын бітірушілерді, және басқа да жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар; - еңбек қызметімен айналысу үшін денсаулық жағдайы бойынша қарсы айғақтары жоқ мүгедектер; - он сегізден жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; - зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдар; - белгіленген жасқа дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер; - ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше) және қауіпті жұмыстарда істейтін және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды алушы болып табылатын адамдар; -ҚР Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдар; -бас бостандығынан айыру орындарынан және мәжбүрлі емдеуден босатылған адамдар; -жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына, жұмыс беруші – жеке тұлға қызметін тоқтатқанға немесе қызметкерлер санының немесе штат қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған адамдар санатымен толықтырылып отыр.