ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ С АКИМОМ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ КОКРЕКБАЕВЫМ КАРИМОМ НАСБЕКОВИЧЕМ О ХОДЕ РЕАЛИЗАЦИИ ПОСЛАНИЯ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН НАЗАРБАЕВА Н.А. НАРОДУ КАЗАХСТАНА
Интернет-конференция с акимом Жамбылской области Кокрекбаевым Каримом Насбековичем «О разъяснениях Послания Президента Республики Казахстан – Лидера Нации Н.А. Назарбаева народу Казахстана от 11 ноября 2014 года «Нұрлы жол – путь в будущее», а также ходе его реализации»
- Сұрақтар: 23
- Жауаптар: 23
- 01.07.2015
- 03.07.2015
- Аким Жамбылской области
Есмаганбетова Динара Кендирбаевна 02.07.2015, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Кәрім Нәсбекұлы Сізге облыстың әлеуметтік жағдайын көтеруге көп жұмыс атқарып жатқандығыңызға алғысымды білдіре отырып төмендегіше сауалымды жолдап отырмын маған шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген жерді қаланың бас жоспарына сәйкес менен қалай алынады?
Сізге алдын ала алғысымды білдіре отырып жұмысыңызға табыс, от басыңызға амандық Облысымыздың көркейуіне ат салыса беруіңізді тілеймін рахмет.
Администратор 03.07.2015
Құрметті Динара Кендірбайқызы, сұрағыңызға рахмет. Егер жер пайдаланушы берiлген құқықты мемлекеттен сатып алмаған болса, жер пайдалануға берілген жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару - жер пайдалану құқығы сатып алынбай жүзеге асырылады, ал егер ол жер пайдалану құқығын сатып алған болса, Жер Кодекске және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер пайдаланушыға залалдар толық көлемінде өтеледі, оның қалауы бойынша басқа жер учаскесі берілуі мүмкін. Меншiк иесiне азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша немесе сот шешiмi бойынша өткен, мемлекет мұқтажы үшiн иелiктен шығарылатын жер учаскесiнiң құны азаматтық-құқықтық шартта немесе сот шешiмiнде көрсетiлген, бiрақ нарықтық құнынан аспайтын мөлшерде айқындалады. Егер азаматтық-құқықтық шартта жер учаскесiнiң бағасы көрсетiлмеген жағдайда, жер учаскесiнiң құны оның кадастрлық (бағалау) құны бойынша айқындалады.