МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.С. АЙДАРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Маңғыстау облысының әкімі Алик Серікұлы Айдарбаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 27
- Жауаптар: 27
- 25.06.2013
- 27.06.2013
- Маңғыстау облысының әкімі
Саматұлы Айдын 27.06.2013, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Алик Серікұлы!
Аудандағы жаңадан тұрғын үй салуға бөлінген жер телімдеріне газ және электр желілерін тарту бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
Администратор 27.06.2013
Құрметті Айдын Саматұлы!Сұрағыңызға рахмет! Бейнеу ауданы – атажұртқа оралған бауырлар қосын тігер мекен. Орта есеппен жыл сайын 2,5 мың адамы бар 250-ден аса отбасы көшіп келеді, сәйкесінше жеке тұрғын үй құрылысын салушылар көбеюде. Қазіргі таңда тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімін алуға кезекте 3659 адам тұр. Біздің есебімізше Бейнеу селосына 25,6 км газ құбыры және 27,64 км электр желісі, Ақжігіт селосына 11,16 км электр желісі, Боранқұл селосына 1,79 км электр желісі қажет. Осы жылы тұрғын үй салуға бөлінген жер телімдеріне 7,5 км газ, 24 км электр желілерін тартуға бюджеттен 204 млн. теңге бөлінді. Осыған байланысты: - Бейнеу селосында газ құбырын тарту жұмыстарына мемлекеттік сатып алудың қорытындысымен «Шебер құрылыс» ЖШС-мен келісімшарт жасақталуда. Құрылыс жұмыстары 15 қыркүйекте аяқталады. - Бейнеу, Ақжігіт селоларында электр желісін тарту жұмыстарына мемлекеттік сатып алудың қорытындысымен Бейнеу селосы бойынша «Факел» ЖШС-мен, Ақжігіт селосы бойынша «Бейнеугаз» ЖШС-мен келісімшарт жасақталуда. - Боранқұл селосына электр желісін тарту жұмыстарына мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізіліп, жеңімпазы анықталуда. Аталған селолардағы құрылыс жұмыстары 15 қыркүйекте аяқталады.