ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.
- Сұрақтар: 49
- Жауаптар: 46
- 23.07.2013
- 25.07.2013
- Қызылорда облысының әкімі
Исаева Жансая Жақсыбайқызы 25.07.2013, Сұрақ нөмірі:
Осы жылдың басындағы халықпен кездесуіңізде өңірде балық консорциумы құрылады деген болатынсыз. Соның тиімділігі болып жатыр ма?
Администратор 25.07.2013
Жансая сұрағыңызға рахмет, өңірде егін және мал шаруа¬шылығымен қатар, ертеден келе жатқан дәстүрлі кәсібіміз – балық шаруашылығы екендігі белгілі. Өткен есепті жиналыста Арал теңізінен ауланған балықтар, өңде묬мей шетелдерге сатылып жатқандығы, балық аулау¬шылар, өңдеушілер, тасымалдау¬шылар, реттеушілер, лицензия және квота берушілер арасында үйлесімдіктің жоқ екендігін атап көрсеткенмін. Сондықтан, балық шаруашылығын дамытудың жаңа жүйесі ретінде арнайы консорциум құруға тапсырма берген болатынмын. 2013 жылдың наурыз айында «Байқоңыр» ӘКК АҚ, «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС мен Арал, Қазалы аудандарынан 17 балық аулау, өңдеумен айналысатын шаруашылықтар бірігіп консорциум құрылды. Консорциум қоғамдық ұйым. Консорциумды құрудағы негізгі мақсат, балық шаруашылығы саласындағы маңызды мәселелерді бірігіп шешу болып табылады. Құрылғанына аз уақыт болса да, консорциум балық шаруашылығына қатысты шараларға араласа бастады. Мысалы, 2013 жылдың балық аулау лимитін бөлуде өз ұсыныстарын беріп, лимиттің талапқа сәйкес бөлінуіне ықпалын тигізді. Сонымен қатар, балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарын бекітіп беру конкурстарына қатысуға ұсыныстарын беріп отыр. Консорциумның ұсыныстары қолдау тауып отыр. Алдағы уақытта су айдындарын балықтандыруға, өсімін молайтуға, өңдеу, өнімді нарықта тиімді сату жүйесіндегі келеңсіздіктерді жойып, жергілікті балықшы-кәсіпкерлерге, табиғат пайдаланушыларға тиімді өндіріс жүйесін құруда консорциумның ролін арттыру бағытында жұмыстар атқарылатын болады.