ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.
- Сұрақтар: 49
- Жауаптар: 46
- 23.07.2013
- 25.07.2013
- Қызылорда облысының әкімі
Оралбеков Шәкірбай 25.07.2013, Сұрақ нөмірі:
Ауыл шаруашылығы және мелиоративтік техникаларын сатып алуға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ынталандыру үшін субсидиялау тетігін енгізу шаралары қалай жүргізіліп жатқанын білуге бола ма?
Администратор 25.07.2013
Құрметті Шәкірбай! Ауыл шаруашылығы және мелиоративтік техникасын сатып алуға инвнстициялық субсидия жобасын қарастыру жөнінде 12.06.2013 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен селекторлық мәжіліс өтті. Селекторлық мәжілісте туындаған мәселелерді қарап, қойылған талаптарды зерттей келе 17.06.2013 жылы №02-1/2-10/1071 хатпен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс берілді. Осыған байланысты қойылған талаптарға сәйкес қазіргі таңда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қоршаған ортаны қорғау министрлігі инвестициялық жобаларды төлеу ережесін әзірлеуге және келісу жұмыстары жүргізілуде.