ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.

  • Сұрақтар: 49
  • Жауаптар: 46
  • 23.07.2013
  • 25.07.2013
  • Қызылорда облысының әкімі

Оспанова Күлайша Мәлікқызы 25.07.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қырымбек аға! Облыстың индустриялық-инновациялық дамуы үшін қандай жұмыстар атқарылуда? Шыны зауытының мәселесі не болды?.

Администратор 25.07.2013

Құрметті Күлайша Мәлікқызы! Бұл бағытта үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама 3,5 жылдан бері жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында Индустриаландыру картасы жүзеге асырылып, өндірістік бағыттағы жобалар іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылды. 2010-2012 жылдары карта аясында жалпы құны 91,3 млрд.теңге құрайтын 66 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде индустрияландыру картасы бойынша жалпы құны 78,4 млрд.теңге құрайтын барлығы 18 жоба жүзеге асты. Жаңадан 1820 жұмыс орындары ашылды. Индустрияландыру картасы жылына екі рет өзектендіріліп, картадағы жобаларды толықтыру жұмыстары жүргізілуде. 2013 жылғы I жарты жылдықтағы өзектендіру қорытындысымен, Индустрияландыру Картасына Қызылорда облысы бойынша жаңадан 2 жоба енгізілді. Нәтижесінде, Қызылорда облысы бойынша Индустрияландыру картасында жалпы құны 138,4 млрд.теңге құрайтын 23 жоба бар. Оның ішінде: - аймақтық картада – құны 121,5 млрд.теңгені құрайтын 22 жоба; - республикалық картада – құны 16,9 млрд.теңгені құрайтын 1 жоба енгізілген. Облыс әкімдігі тарапынан алдағы уақытта индустрияландыру картасына экспорттық мүмкіндігі бар облыс үшін ғана емес республика үшін маңызы бар ірі жобаларды іріктеп, картаға енгізуге ұсыну жұмыстары жүргізілуде. Шыны зауытының мәселесіне келетін болсақ, бүгінгі күні жобаны орналастыру үшін Қызылорда қаласындағы индустриялық аймақтан жер телімі бөлінген. Инженерлік инфрақұрылым жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, бұл жоба республикалық индустриаландыру картасына енгізілді. Жобаны жүзеге асырушы стратегиялық әріптес арқылы бүгінгі күні техника-экономикалық негіздеме әзірленіп, бейімдеуден өтуде. Қазір жобаны іске асыру басқа да дайындық жұмыстары жүргізілуде.