АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МҰХАМБЕТОВ АРХИМЕД БЕГЕЖАНҰЛЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Ақтөбе облысының әкімі Мұхамбетов Архимед Бегежанұлымен «Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 16
- Жауаптар: 16
- 27.05.2015
- 27.05.2015
- Ақтөбе облысының әкімі
Табышова Базаргүл Табынбайқызы 27.05.2015, Сұрақ нөмірі:
Бүгінгі таңда Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округінде 16 мыңға жуық халық тұрады. Аудан орталығында соңғы 5 жылда жаңадан Қызылжар мөлтек ауданы бой көтерді. Қазіргі таңда осы мөлтек ауданда 230-ға жуық жаңадан үйлер салынып, 880 тұрғыны бар. Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайларының түзелуіне байланысты, ауданымыздағы демографиялық ахуал да жыл санап өсуде. Дегенмен Шұбарқұдық кенті бойынша мыңнан астам бала балабақшаға кезегінде тұр. Әр ата-ана сәбиі дүниеге келгеннен бастап балабақша кезегіне қояды. Әрбір балабақша жылына жоғарғы топ балаларын мектеп алды даярлық тобына жібергенде, шамамен 25-30 бала ғана қабылдайды. Мысалы бір балабақшаның кезегіне 200-ші болып тұрған бала бес жылда 50-ші кезекке жылжыйтын болса, ол кезде бала мектеп алды даярлық тобына баратын жасқа келеді. Осы айтылғандарды саралай келе, сізден Шұбарқұдық кентінде орналасқан Қызылжар мөлтек ауданына жаңадан балабақша салынуына ықпал етуіңізді сұраймын.
Администратор 27.05.2015
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Балапан» бағдарламасы бойынша Темір ауданында 9 балабақша салынып, пайдалануға берілді. Соның ішінде Темір ауданы Шұбарқұдық кентінде 2 балабақша іске қосылып, бұл балабақшаларда 180 бүлдіршін тәлім-тәрбие алуда. Бүгінгі таңда Шұбарқұдық кенті бойынша 975бала кезекте тұр. Кезекте тұрған балаларды балабақшамен қамту мақсатында Қызылжар мөлтек ауданында 280 орындық жаңа балабақша құрылысын салу жоспарланып, балабақшаның жобалау сметалық құжаттары жасалынып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Балабақша құрылысына жобалау сметалық құжаттамасы бойынша 361 798 000 теңге қаржы қажет. Аталған құрылыс нысанына қажетті қаражатқа республикалық бюджетке сұраныс беріліп, 2016 жылғы іске асырылатын жобалар тізіміне енгізілді.