ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРЫН ЕРЛАН МҰХТАРҰЛЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Павлодар облысының әкімі Арын Ерлан Мұхтарұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 57
  • Жауаптар: 57
  • 16.10.2013
  • 18.10.2013
  • Павлодар облысының әкімі - Арын Ерлан Мұхтарұлы

Төлен Қайыржанұлы 16.10.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қымбатты Ерлан Мұхтарұлы! Кеш батқанда және түнгі уақытта қалада жүру өте қиын. Себебі, қала көшелері нашар жарықтандырылған. Басты көшелер Кутузов, Қамзин мен Сәтбаев бойында экономшамдар орнатылған. Эконом шамдар жарықты әлсіз береді, олар нашар жанады. Сол секілді аулалардың ішін жарықтандыру да нашар. Кейбір аулаларда жарық тіпті жоқ. Бұл «Павлодар қауіпсіз қала» деген бағдарламаға да қайшы келеді ғой! Егер түнгі уақытта қала ішінде тәртіп күшті болу үшін барлық көшелерді, аулаларды жарқыратып қою керек. Облыс орталығы қашан түнде жарқырап тұратын болады?

Администратор 16.10.2013

Облыс орталығы - Павлодар қаласын абаттандыруға тұрақты түрде үлкен мән беріліп келеді. Қаланы абаттандыру бойынша көшелерді жарықтандыруға да ерекше мән берілген. Өткен жылы Павлодар қаласында 134 шақырымға сыртқы жарықтандыру желісі тартылды. Осы жарықтандыру желісі қаладан Кенжекөл, Мойылды, Жетекші, Шәукен мен Ленин кенттеріне шығатын жол бойларына да орнатылған. 2012 жылы «Түнгі Павлодар» концепциясы әзірленген болатын. Осы концепция аясында 24 мемлекеттік мекеме ғимаратына, 18 жеке иеліктегі объектілерге түнгі жарық түсіру элементтері орнатылды. Бұл түнгі уақытта қаламызды одан әрі көрікті қыла түсті. Сонымен қатар, қала көшелеріне қосымша түр-түсті паннолар (әшекейлер түрінде), кернеулер, көлемдік жарық әріп өрнектері орнатылды. Осындай жұмыстар биылғы жылы да жалғасын тапты. Қала көшелеріне орнатылған экономшамдар арнайы сараптамадан өткен. Сараптамадан өткеннен кейін электр қуатын молынан үнемдейтін және ұзақ уақыт пайдалануға жарамды шамдар қала көшелерін жарықтандыруда. Ағымдағы жылы көше бойындағы жарықтың 15 шақырымына жөндеу жұмыстары жасалды. Жыл басынан бері 129 аулаға жарық шамдары орнатылды. 431 жаңа светильниктер орнатылды. Қазан айында қосымша 212 светильник орнату жоспарланған. Бұл светильниктердің біраз бөлігі екінші Павлодар ауданы мен МДС ауданының жеке меншік секторына орнатылады. Бүгінгі таңда қала бойынша жарықтандыру 77 пайызды құрайды. Келесі жылы бұл көрсеткішті 95 пайызға жеткізу көзделіп отыр.