ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ С.Р.МУСИНОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЕЛБАСЫНЫҢ "ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛ - 2050: БІР ТАҒДЫР, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ" ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ МЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі Елбасының "Қазақстандық жол - 2050: Бір тағдыр, Бір мүдде, Бір болашақ" Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру мен жүзеге асыру жолдары бойынша Интернет-конференция өткізеді. Барлық сұрақтарға жауаптар "электрондық үкімет" веб-порталында а.ж. 20 маусымында жарияланатын болады.
- Сұрақтар: 25
- Жауаптар: 25
- 20.06.2014
- 20.06.2014
- ҚР ДСМ Жауапты хатшысы
Ибрахим Али 20.06.2014, Сұрақ нөмірі:
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мәңгілік ел» идеясының мазмұнын терең тарқатып берді. Бұл ретте Денсаулық сақтау саласында қандай ауқымды істер жолға қойылды?
Администратор 23.06.2014
Құрметті Ибрахим Али! Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында қазақ елі өткен 22 жылда қыруар іс тындырғанын атап өтті. Осы жылдары денсаулық сақтау саласында да қыруар іс атқарылып жатқанын да айтып өткім келеді. Өз Жолдауында ҚР Президенті еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытуда нақты міндеттер қойды. Олар: медициналық-санитариялық алғашқы көмектің дамуын қамтамасыз ету; міндетті сақтандыру мәселесін зерделеу; ана мен нәрестелер өлімін, қан айналымы жүйесінің, онкологиялық аурулардан, жарақаттанудан, туберкулезден өлімді төмендету жөніндегі жұмысты жалғастыру; медициналық көмектің озық технологиялары трансфертінің және инновациялық жобаларды денсаулық сақтау жүйесіне енгізуді жалғастыру; жедел, шұғыл медициналық көмек, санавиация қызметін жаңғырту; денсаулық сақтау саласында электрондық ақпараттық жүйесін қамтамасыз етуді жалғастыру және т.б. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмектің кадрлық әлеуетін арттыру қолға алынды. Учаскелік дәрігерлер мен жалпы тәжірибе дәрігерлеріне көмекшілер енгізілуде. Қазіргі таңда емханалардың әр дәрігеріне 2 мейіргерден келеді. Оған қоса, әлеуметтік қызметкерлер және психологтар көмектеседі. Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі арманы. Әрбір қазақстандық өз жұмысымен осы идеяның іске асырылуына үлес қосуға тиіс.