МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.С. АЙДАРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Маңғыстау облысының әкімі Алик Серікұлы Айдарбаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 27
- Жауаптар: 27
- 25.06.2013
- 27.06.2013
- Маңғыстау облысының әкімі
Нүрекешов Самат Көштібайұлы 25.06.2013, Сұрақ нөмірі:
Қадірменді Алик Серікұлы! Осы сұрақтарымды қоя отыра дұрыс жауап алғым келгені, Маңғыстау облыстық әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлерді қолдау орталығының "Бизнес жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша жеке кәсіпкерлерге немесе жас кәсіпкерлерге берілетін субсидияның 20% өз үлесімен қатысуын түсінуі қиындау болып отыр! Нақтырақ айтқанда кейін қайтарылмайтын субсидияға 20% өз үлесін неліктен қойылады?
Екінші сұрағым жас кәсіпкер "Бизнес жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша шағын өндіріс ашу үшін жер телімін ала алама, қанша уақыт ішінде қол жеткізе алады?
Администратор 27.06.2013
Құрметті Самат Көштібайұлы! Сіздің қойып отырған сұрағыңыз өте орынды. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік грант ұсынудың бірден-бір шарты болып Кәсіпкердің кемінде 20 пайыз мөлшерінде қаржылай өз үлесін қосу қарастырылған. Ол Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысымен бекітілген. Осыған орай, аталған тармаққа Үкімет тарапынан өзгерістер енгізілмейінше, қолданыстағы заңдылықтарға сүйенуіміз қажет. Жер телімін беру мәселесі бойынша келесіні айтқым келеді. Өкінішке орай, «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасы аясында жер телімін беру мәселесі қарастырылмаған. Ізгі ниетпен, Алик Айдарбаев.