АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Атырау oблысының әкімі Ізмұхамбетов Бақытқожа Салахатдинұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 35
- Жауаптар: 35
- 28.05.2013
- 30.05.2013
- Атырау облысының әкімі
Анар 28.05.2013, Сұрақ нөмірі:
Қайырлы күн Бақтықожа Салахатдинұлы! Біз Геолог селолық округіндегі "Геолог" (қазіргі атауы-Беймахис) бағбандық қоғамына қарасты саяжай тұрғындарымыз, осы жерге көп тұрғындар қоныс аударып тұрғын үй курылыстарын жургізіп жатыр, бұл жаққа свет, газ, су тартылмаған, әр отбасы жағдайлары жеткенше өз ақшаларына тартып алып жатыр, бұл жер Геолог селолық округіне жақын тұрган жер, оны болашақта селолық округке қосуға болмас па екен және телефон линиялары, свет,су,газ үкімет тарапынан тартылама, жоспарда барма, жоспарда болса қашан жүзеге асырылмақшы? Осы сұрақтарымызға жауап білгіміз келеді.
Администратор 03.06.2013
Қандай да болмасын аумақты белгілі бір елді мекенге қосу, біріктіру сұрақтары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының талаптарына сай анықталады. Жоғарыда көрсетілген заң талаптарына сәйкес елді мекендердің аумақтарын белгілеу өзгерту мәселесін қалалық өкілетті және атқарушы органдарының, сонымен бірге тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, облыстық өкілетті және атқарушы органдардың бірлескен шешімімен айқындалады (облыстық әкімшілік және мәслихат). Сондықтан, көрсетілген сұрағыңыз негізінен қаралу үшін Сіз жергілікті атқарушы органға тиісті өтініш білдіруіңіз қажет, өтінішіңізге бау-бақша қоғамының барлық мүшелерінің пікірі білдірілген хаттамалық шешімді қосып тапсыру керек. Ал, «Геолог» (бүгінгі күні «Беймахис») бағбандық қоғамы қоғамдық ұйым болып табылады, осыған орай мемлекет (бюджет қаражаты есебінен) тарапынан осы қоғамға инженерлік инфрақұрылымды тарту мүмкіндігі жоқ.