МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.С. АЙДАРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Маңғыстау облысының әкімі Алик Серікұлы Айдарбаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 27
- Жауаптар: 27
- 25.06.2013
- 27.06.2013
- Маңғыстау облысының әкімі
Дархан 26.06.2013, Сұрақ нөмірі:
Маңғыстаудан АЭС салуға сіздің көз қарасыңыз қалай? Біз Маңғыстаулық тұрғындар оған қарсымыз! егер салынатын болса көтеріліс жасауға дайынбыз!
Администратор 27.06.2013
Құрметті Дархан! АЭС құрылысын Ақтау қаласында салуға нақты шешім қабылданған жоқ. Бұл мәселе бойынша салыну – салынбау жағдайы міндетті түрде қоғамдық тыңдау өткізу арқылы облыс тұрғындарының пікірлері алынып, содан кейін барып нақты шешім қабылданатын болады. Құрметпен, Алик Айдарбаев.