ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.

  • Сұрақтар: 49
  • Жауаптар: 46
  • 23.07.2013
  • 25.07.2013
  • Қызылорда облысының әкімі

Әмина Болат 25.07.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Сізден Қызылорда қаласы мен облыс көлемінде Электрондық Үкімет аясында қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелер мен Бірыңғай Есептесу орталығы секілді коммуналдық шаруашылықтардың жұмыстарын орталықтандыратын IT парк құру идеясын ұсынғымыз келеді. Егер де әрбір тұрғын үйінен шықпай ақ Электрондық үлгіде өзіне қажетті ақпарат пен анықтамаларды ала алатын болса, қаншама уақыт пен жүйке жұқартар келеңсіздіктерден арылар еді. Дәл осындай орталық өзге облыстарда? айтар болсақ Астана Өскемен қалаларында құрылып жатқандығы туралы хабарларды естіп жатырмыз. Астана мен Алматы қаласындағыдай Бірыңғай Есептесу Орталығының Қызылорда қаласында да бар екендігін және жұмыстарының өте жақсы ұйымдастырып отырғандығын жеткізгім келеді. Қажетті анықтаманы Электрондық Үкімет порталынан алу мұмкіндігі қарастырылған. Тек айыбы коммуналдық есептеулер бойынша ғана. Егер де осы орталыққа қосымша салық және басқа да дарлық коммуналдық қызмет түрлері бойынша да анықтама алу мүмкіндігін берсе? нұр үстіне нұр болар еді.

Администратор 25.07.2013

Құрметті Әмина Болат, қойылған сұрағыңыз өте орынды. Қызылорда қаласы бойынша Бірыңғай Есептесу Орталығы 2009 жылдан бастап қала тұрғындарына өз қызметін көрсетіп келеді. 2009 жылдан бастап екінші деңгейлі банктер мен Қазпошта бөлімшелері арқылы, 2010 жылдан бастап «Таулинк» қолма қол төлем жүйесі арқылы, 2012 жылдан бастап «ОСМП» қолма қол төлем жүйесімен интернет банкинг жүйесі, оның ішінде БТА Банк, Халық Банк, Цесна Банк, Альянс Банк және Каспи Банк арқылы және Қазақстан Республика Электрондық Үкіметінің e-gov порталы арқылы төлемдер қабылдау ұйымдастырылды. Қазіргі таңда орталық жылу беруші компаниялармен тығыз жұмыс атқаруда. Алдағы уақытта барлық коммуналдық қызмет түрлері мен жер және мүлік салығы бойынша ақпараттарды біріктіріп, бірегей төлем құжатына енгізу бойынша жұмыстар жасалуда. Электрондық Үкімет порталы арқылы төлемді келесі сілтеме арқылы жасауға болады: http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/popularservices/payment/epay100_erc.