ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.
- Сұрақтар: 49
- Жауаптар: 46
- 23.07.2013
- 25.07.2013
- Қызылорда облысының әкімі
Рамазанов Алмас Ермұхамедұлы 25.07.2013, Сұрақ нөмірі:
Қырымбек аға! Өзіңізге белгілі, денсаулық сақтау саласының қаржыландыру жүйесі өзгеруіне байланысты жұмыс істеп тұрған ауылдық ауруханалар жабылып, тұрғындар абдырап қалғаны аян. Ауданға қарттардың баруға денсаулығы жарай бермейді. Сондықтан жабылған ауылдық ауруханалардың қайта жұмыс істеуіне ықпал жасауыңызды сұраймыз.
Администратор 25.07.2013
Иә бұл мәселе бойынша проблема бар және елді мекендерді аралаған кезімде тұрғындар тарапынан да өтініштер болды. Денсаулық сақтау саласындағы өзгерістерге байланысты жұмыс жасап тұрған 32 ауылдық аурухананың 23-і жабылып, қазіргі таңда 9 ғана жұмысын жасап тұр. Қазіргі таңда, тұрғындардың сұранысын ескере отырып, ауыл халқына медициналық көмектің қол жетімділігін жақсарту үшін ең қажетті деген елді мекендерден (халық санына, қашықтығына байланысты) қосымша 13 ауылдық ауруханаларды ашу және оларды медициналық құрал-жабдықтармен жарақтандыру жөнінде жұмыстар жүргізетін боламыз