ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Н.М. САДУАҚАСОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Қостанай облысының әкімі Садуақасов Нұралы Мұстафаұлы қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.

  • Сұрақтар: 61
  • Жауаптар: 61
  • 10.09.2013
  • 12.09.2013
  • Қостанай облысының әкімі

Кенжетаев Хамза Досымжанұлы, 67 жаста 11.09.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Ассалаумағалейкум! Маған грыжаға операция қажет. Мен облыстық ауруханада операция жасағым келеді. Осы операция ақылы ма, әлде тегін болады ма?

Администратор 11.09.2013

Сәлеметсіз бе Хамза Досымжанұлы! Сізге сізді емдеуші дәрігерге жүгінуіңіз қажет, жоспарлы ауруханаға жатқызу порталы арқылы Сізді облыстық ауруханаға кезекке қояды.Кейін Сізге жолдама береді және ауруханаға жатқызу күнін белгілейді. Ауруханаға жатқызу үшін стационармен белгіленген күні облыстық ауруханаға келу қажет. Операция тегін болады.