АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАЙБЕК БАУЫРЖАН ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАЙБЕК БАУЫРЖАН ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ интернет-конференция
- Сұрақтар: 119
- Жауаптар: 119
- 29.12.2015
- 29.12.2015
- Аким города Алматы
Аскар Аргынов 29.12.2015, Сұрақ нөмірі:
Саламатсыз ба ?! Алматы қаласы Алатау ауданы Алғабас -6, 167 үйдің 9 этаж астына жер төлеге "АЙГЕРИМ" атты магазин ашып койды. Іші лас мүлдем санитарлық тазалық жатпайды. Аркогольди ішімдік тер сатады. Үнемі кірсеңіз канализация нын иісі шығады. Магазин "Алматы қаласы тұрғын үй" ЖшС келісім шарт арқылы алдық дейді. Ол қаншалықты заңды. Магазинді заң аясында тексеріп жабуға көмек беруіңізді сұраймыз. Рахмет ! Тұрғындар атынан
Администратор 30.12.2015
«Алматы тұрғын үй» ЖШС-не А.Е. Исаевадан «Алғабас-6» шағынауданы, № 1/167 үй мекенжайындағы тұрғын емес үй-жайда (жертөле) азық-түлік дүкенінің ашылуы туралы өтініш келіп түскен. А.Е. Исаева барлық қажетті құжаттарды, сондай-ақ азықтүлік дүкенінің ашылуына тұрғындардың келісім хаттамасын ұсынды. Құжаттарды қарастырған соң, 2015 жылғы 01 қарашадан бастап «Алматы тұрғын үй» ЖШС-мен жалдау шарты жасалды. «Алғабас-6» шағынауданы, № 1/167 үй тұрғындарынан келіп түскен өтініш бойынша қазіргі уақытта егжей-тегжейлі қарау жүргізіліп жатыр, тұрғындарға қосымша жауап жазбаша түрде берілетін болады.