АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАҚСЫБЕКОВ Ә.Р. ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Астана қаласының әкімі Жақсыбеков Ә.Р. интернет-конференция
- Сұрақтар: 67
- Жауаптар: 61
- 22.10.2015
- 22.10.2015
- Аким города Астаны
Айбек Қобдабай 22.10.2015, Сұрақ нөмірі:
Әкім мырза халықпен осындай жақын сұхбаттасуға мүмкіндік тапқаныңызға алдын ала алғыс айтамын. Менің сұрағым төмендегідей; Н.Тіоендиев даңғылы 15/1 және 15/2 яғни Тамыз тұрғын үй кешені орналасқан аумақтың алдында үлкен алқап бар. Бос жер бар. Сол жердің иесі бар ма жоқ па? Бар болса неге кәдеге жаратпайды? Әйтпесе осы аумақ жаз бойы жаңбыр суына толып көл-теңііз болып жатады. Шыбын шіркей қаптайды. Жоғарыдағы тұрғын үйдің аулаларында балаларға арнаған алаңның аты бар да заты жоқ. Егер осы бос жердің иесі болмаса әкімшілік неге осы жерге бір сквер секілді бақ салмайды? Үлкен жолдың бойындағы алаңқай ашық жер қала сәнін де бұзып тұр. Егер бақ салынса бұл жер тұрғындарға ыңғайлы, қалаға да көрік беріп тұрар еді! Рахмет
Администратор 23.10.2015
Құрметті Айбек Қобдабай! Кәзіргі уақытта «Тамыз» тұрғын кешені ауласын абаттандыру жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. Қаржыландырылған жағдайда 2016-2017 жылдары жұмыстар жүргізіледі. Көрсетілген жер телімі «Рахмет» сауда үйінің жеке меншік иесіне жатады. Сол себептен бұл жерге саябақ салу мүмкін болмай тұр. Көрсетілген мекенжайдың санитарлық жағдайына байланысты «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты және экологиялық полиция мамандарымен бірлесе орынға шығу арқылы қаралатын болады.