АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАЙБЕК БАУЫРЖАН ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАЙБЕК БАУЫРЖАН ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ интернет-конференция
- Сұрақтар: 119
- Жауаптар: 119
- 29.12.2015
- 29.12.2015
- Аким города Алматы
Жангазинов Саят Кайратулы 29.12.2015, Сұрақ нөмірі:
Курметтi Бауыржан Кыдыргалиулы сiзден сурайтыным Жана 2016жылы Улы Абай Атамыздын памятнигiне тунде жарык тусiретiн шамдар орнатып берсенiз,Казак Елiнiн Улы Атасы тунде тас карангыда турганы окiнiштi,осы сурак-отiнiшiме жауап берсенiз.Рахмет
Администратор 29.12.2015
Ұсынысыңыз өте орынды. Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіш республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші болып табылады. Қазіргі кезде, Алматы қаласының Мәдениет басқармасы қаладағы сәулет және монументальды ескерткіштерге түнгі уақытта жарық түсіретін шамдар орнату мақсатында жоба дайындау үшін жұмыстар жүргізіп жатыр. Оның ішінде ұлы ақын Абай Құнанбайұлына арналған ескерткішке бірінші кезекте ескерілген. Аталған жұмыстар 2016 жылға қарастырылған.