АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАЙБЕК БАУЫРЖАН ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАЙБЕК БАУЫРЖАН ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ интернет-конференция
- Сұрақтар: 119
- Жауаптар: 119
- 29.12.2015
- 29.12.2015
- Аким города Алматы
Абділдабеков Санжар Сұлтанханүлы 29.12.2015, Сұрақ нөмірі:
Қала әкімі Бауыржан Байбек мырзаға сұрақ.
Алматы қаласы, Алатау ауданы "Ұлжан - 2" ықшамауданының тұрғыны журналист Әбділдабек Жанатовтан.
Елбасының 2014 жылғы жолдауында "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" деген қанатты сөз халық арасында мәнді мәтелге, үкілі үміт символына айналып кетті. "Жолдар -мемілекетіміздің келбеті", - "Жақсы жолдар- еліміздің көркеюнің белгісі",-деп Елбасы айтқандай жол, шын мәнінде өмірдің өзегі, тіршіліктің күретамырына айналды. Дей, тұрсақта "Ұлжан - 2"-нің жол мәселесі толықтай өз шешімін тапқан жоқ. Мәселенің тоқ етері мынадай. Осыдан 15 жыл бұрын ірге көтерген "Ұлжан - 2" елді мекендерінің тұрғындары жылдар бойы батпақ кешіп жүр. Бұған дейінгі арыз - шағымдарда осы қалалық ауылдың 500-дей үйіндегі 1000-нан астам тұрғыны жол машақатын көрудей -ақ көріп жүр. жол нашарлығынан жолаушылар тасымалдайтын көліктер жүрмейді, 300-ге жуық мектеп оқушылары көрші ауылдың мектебіне лайсаң жолмен жаяу қатынайды. Әсіресе күзгі-көктемгі жаңбырлы маусымдарда қатты қиналады.
Бір таңғаларлығы - 2011 жылы бұл ықшамауданда жол салына бастаған, 1200 метр жолға асфальт төселген, бірақ құрылыс тоқтатылды, сөйтіп салынып жатқан жол, жол ортасында қалды. Басшылар мен мамандардың айтуынша, бұл ықшамауданда алдымен инженерлік коммуникациялар желілері жүргізілуі керек екен. Су кәріздері (канализация) салынуы қажет. Су кәріздері жобасының дайын болғанына 2 жылдай уақыт өтті, ал бірақ кәріз де жоқ, жол да жоқ, қашан болары да белгісіз. Осыған байланысты "Ұлжан-2" ықшамауданына қашан кәріз құбыры тартылып 10 көшеге асфальт төселеді?
Администратор 30.12.2015
Ықшамаудандарда жолдардың құрылысын жоспарлау барысында олардың инженерлік коммуникациялармен (су құбыры, кәріз құбыры) қамтамасыз етілгендігі ескеріледі. Қазіргі таңда, «Алматы қаласының Алатау ауданындағы Ұлжан-2 ықшамауданының кәріз желілерін салу жұмыс жобасын бекіту туралы» жобалау жұмыстары жүргізілген және «МЕМСАРАПТАМА» РМК-ның 2015 жылдың 29 қыркүйектегі №02-0523/15 оң қорытындысы алынған. 2016 жылда қаржы бөлінген жағдайда құрылыс жұмыстарының басталуы жоспарлануда. «Ұлжан 2» ықшамауданында барлық инженерлік коммуникацияларды салу жобалары іске асырылғаннан кейін, жол салу жұмыстары жүзеге асырылады.