АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАЙБЕК БАУЫРЖАН ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАЙБЕК БАУЫРЖАН ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ интернет-конференция

  • Сұрақтар: 119
  • Жауаптар: 119
  • 29.12.2015
  • 29.12.2015
  • Аким города Алматы

Куатбаев Жанболат Куандыкович 29.12.2015, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Сәлеметсіз бе! Құрметті әкім сізге қояр сұрағым: "Жақында 2-3 кісі біздің Университетімізге келіп біз акиматтанбыз әкімнің ұсынысы бойынша жастарды IT саласына үйрету керек деген ұсынысы бойынша волонтермыз, негізі әкімшілікте жұмыс жасамайтын болып шықты. Бізге Java және Ағылышын тілінен сабақ береміз 6 ай, соңында сіздер тегін сертификатқа тест тапсырасыздар деді. Ал олар бізге үйретіп, бірақ олар сайт-портал жасаған сол сайтқа жасаған орысшаланған есептерді қазақшалап жазуды талап етеді. Олар өз сайттарын Java тілінде шығарған есептерді қазақшалап жасау менің ойымша. Кейін олар басқаларға көмектесу емес алдымен өз қалтасын ойлауы, 6 айдан кейін портал адамдармен толады, өйткені қазақшалап түсіндіретін бірде-бір есеп жоқ сайттарда. Олар бізді Смарт-Жастарданбыз деді, қазір курс Аграрлық Университетте болып жатыр. Сіз немесе әкімшілік осы жайлы біле ме? " рахмет

Администратор 29.12.2015

Сәлеметсіз бе! Жастардың білімін арттыру және инновациялық әлеуетін дамыту жастар саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осы мақсатта Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры және ақпараттық технологиялар саласындағы мамандардың бірлескен жұмысы аясында «Смарт Жастар» жобасы жүзеге асырылуда. Осы жоба шеңберінде жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған қосымша бағдарламалау тілдері бойынша тегін курстар өткізіледі. Бұл іс-шараның басты мақсаты - студенттердің ақпараттық технологиялар саласындағы біліктілігін арттыру. «Смарт Жастар» жобасы 2015 жылғы желтоқсан айынан басталып келесі жылғы мамырға дейін жүзеге асырылады және алдағы уақытта осы жобамен Алматы қаласының бірқатар жоғары оқу орнын қамту жоспарлануда. Аталған жоба аясындағы курстарды ақпараттық технологиялар мамандары ерікті ретінде жүзеге асырып, қандай да бір төлемақы талап етпейді.