АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАЙБЕК БАУЫРЖАН ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАЙБЕК БАУЫРЖАН ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ интернет-конференция
- Сұрақтар: 119
- Жауаптар: 119
- 29.12.2015
- 29.12.2015
- Аким города Алматы
Албеков Данияр Тохтарович 29.12.2015, Сұрақ нөмірі:
Ассалам алейкум. Бауыржан Қыдырғалиұлы, сізге сұрақ емес үлкен өтінішім бар. Абай даңғылындағы қоғамдық көлікке арналған арнайы қатарды алып тастауыңызды сұраймын. Сол қатар үшін жай күндері ғана емес демалыс күндері де үлкен кептеліс. Әсіресе Абай мен Сайн қиылысында.
Администратор 30.12.2015
Алматы қаласындағы Абай даңғылы бойымен қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ осы жылдың маусымынан бастап пайдаланысқа берілді. Соның арқасында Абай даңғылының бойындағы көлік қарқындылығы орта есеппен 6 мың авто/тәулікке (жолақты ұйымдастыруға дейін орта есеппен 77 мың/авто тәулік, кейін орта есеппен 71 мың авто/тәулік) дейін азайды, жолаушылар саны 25%-ға өсті. Сонымен қатар, қоғамдық көлік маршруттары метро жүйелерімен үйлестіріліп, жолаушылардың оң бағасын алды, сондықтан Абай даңғылынан қоғамдық көлік қозғалысына арналған жолақты алып тастау мәселесі қарастырылмайды.