ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АТАМКУЛОВ Б.Б. ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Б.А. интернет-конференция

  • Сұрақтар: 18
  • Жауаптар: 17
  • 03.12.2015
  • 03.12.2015
  • Аким Южно-Казхстанской области

Калымбек Шапағат Бердалықызы 03.12.2015, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті облыс басшысы! Білуімізше, «Бейнеу-Бозай-Ақбұлақ» отандық магистралды газ құбыры іске қосылды, аталған құбырдан газ алу мәселесі қалай жүзеге асырылуда?

Администратор 04.12.2015

Құрметті Шапағат Бердалықызы! Бұл магистралды құбырдан табиғи газ алатын облыстың солтүстік-батыс бөлігіндегі 8 аудандағы 284 елді мекенді (767 614 халық) табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, 2013-2014 жылдары 7 АГТС пен жеткізуші газ құбырлары құрылысының жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, 2013 жылдан бастап құрылысы жүргізілуде. 2013 жылы Түркістан қаласына №15 АГТС-ті облыс әкімдігімен түзілген мемарандум аясында «КазТрансГаз» АҚ инвестициялық қаражаты есебінен құрылысын аяқтап іске қосты, оған қоса Бәйдібек ауданы мен Созақ аудандарын газбен жабдықтауға бағытталған №18 «Шалдар» АГТС құрылысын 2015 жылдың 17 қарашасында аяқтап іске қосты, нәтижесінде облыс есебінен газ құбырлары жүргізіліп жатқан Шаян елді мекеніне газ беру басталды, 2016 жылы толық берілетін болады. Сайрам ауданындағы №20 және Түркістан қаласындағы №16 АГТС құрылыстары облыстық бюджет есебінен үстіміздегі жылы пайдалануға беріледі. Қалған 3 АГТС құрылысы 2015 жылы басталды, (№14 «Қызыләскер», №19 «Темірлан», №17 «Қызылжар»), 2016 жылы пайдалануға беру жоспарда. Ағымдағы жылы аталған АГТС-ден газ алатын аудан орталықтары мен магистралды газ құбырларының бойында орналасқан 16 елді мекендердің ішкі газ жүйелеріне ЖСҚ әзірлеуге облыстық бюджеттен қаржы қаралып жобалар әзірленуде. Осының негізінде, жүйеленген іс-шара жоспарына сәйкес «Бейнеу-Бозай-Ақбұлақ» газ құбырынан 2017-2020 жылдары аралығында елді мекендерді газбен қамтуды 75 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда.