ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АТАМКУЛОВ Б.Б. ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Б.А. интернет-конференция
- Сұрақтар: 18
- Жауаптар: 17
- 03.12.2015
- 03.12.2015
- Аким Южно-Казхстанской области
Абсадыков Арман 03.12.2015, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бейбіт Бәкірұлы. Келе жатқан мерекеңіз құтты болсын! Маған шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген тәлімі егістік жеріме тұрғын үй салуға бола ма?
Администратор 04.12.2015
Құрметті Абсадыков Арман, интернет-конференцияға қатысқаныңыз үшін рахмет! Негізінен ҚР Жер кодексінің талаптарына сәйкес, ауыл шаруашылық мақсатындағы егістік жерге тұрғын үй салуға болмайды. Тұрғын үй салынатын жер – елді мекендер жерлері санатына жатады, сіздің жерініз ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатында, сол себептен тұрғын үй салуға болмайды.