АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАЙБЕК БАУЫРЖАН ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАЙБЕК БАУЫРЖАН ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ интернет-конференция
- Сұрақтар: 119
- Жауаптар: 119
- 29.12.2015
- 29.12.2015
- Аким города Алматы
Лепесова Еңілік Лепесқызы 29.12.2015, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Алматы қаласының әкімі Бауыржану Кыдырғалиұлы,Сіздің "Нұрлы Жол" бағдарламасы бойынша зейнеткерлерге үй алуға қандай көмегіңіз бар?Кезекте тұрамын!Лепесова Еңілік.Алтын алқа иегері
Администратор 30.12.2015
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабына сәйкес, мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй, барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Аталған тiзiмге енгiзiлген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға бұл тізімге енгізілген, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және ата-анасынан айырылған, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардан басқа азаматтардың басымдық құқығы болмайды. Сіз 2012 жылғы 01 қарашадан бастап халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары арасында «жасына қарай зейнеткерлер» санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрасыз. 2015 жылы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары арасында жеңілдіктері бойынша 2002 жылдан бері тіркелген азаматтарға пәтерлер берілді. Сондықтан, қолданыстағы заңға сәйкес, таратуға берілетін пәтерлер болған жағдайда Сіз кезегіңізге сәйкес пәтермен қамтамасыз етілесіз. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысымен Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді. Жоғарыда аталған қаулыға сәйкес «ТҮҚЖБ желісі арқылы тұрғын үй», «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша – Заңның 67 бабының 1 тармағының 1-1, 2, 3 тармақшаларында көрсетілген, Заңның 68 бабының 2, 4, 10 тармақшаларын қоспағанда, тұлғалар санатына жататын қатысушылар қарастырылады, атап айтқанда: көпбалалы отбасылар; толық емес отбасылар; мүгедек балалары бар немесе оларды асырап отырған отбасылар; жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; оралмандар; мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйым қызметкерлері. Сіз жоғарыда айтылған санаттарға жатпағандықтан, өтінішіңізді қанағаттандыруға негіз жоқ.