АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАҚСЫБЕКОВ Ә.Р. ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Астана қаласының әкімі Жақсыбеков Ә.Р. интернет-конференция

  • Сұрақтар: 67
  • Жауаптар: 61
  • 22.10.2015
  • 22.10.2015
  • Аким города Астаны

Құрманғазы Әбденұлы Рахметов 22.10.2015, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті, Елорда әкімі ! 2007 жылы Елорда әкімі- Асқар Мамин қабылдауында болып, ҚР Президенті 12.12.1991ж. №540 Жарлығы, ҚР Премьер - Министрінің 28.12.1993ж. №591-Р Өкімі толық орындалмағанын ескеріп, Астана қаласынан Желтоқсан қозғалысына мемориалды ескерткіш пен кешенді тұрғын-уй салуға 2га жер телімін бөліп беруге уәдесін берген еді. Инвесторларды тартуды "Нағыз желтоқсан" қоғамдық қоры өз мойнына алған. Осы уақытқа дейін осы мәселе түрлі себептермен орындалмай келеді. Құрметті Әділбек Рыскелдіұлы! Келер жыл, қазақтың Ұлт азаттық қозғалысының 100 жылдығы, желтоқсан қозғалысының 30, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы! Осы орайда, жоғарыдағы мәселе шешімін табады,- деген зор сеніммен желтоқсандықтар. Елордада өтізілмекші ЭКСПО-17 халықаралық көрмеге қатысушылармен қонақтарды "Желтоқсан" кешенді түрғын -уйі мен мемориалдық ескерткіші толықтыра түсетініне сеніміміз мол. Елордамыз - Астананы, Тәуелсіз Мемлекетіміздің сәулеті мен әулетін де Жер жаһанға паш етері сөзсіз. Құрметпен, "Нағыз желтоқсан" ҚҚ Президенті Қ.Ә. Рахметов.

Администратор 23.10.2015

Құрметті Құрманғазы Әбденұлы! Сіздің өтінішіңіз бойынша, әкімдік тарапынан «Желтоқсан қозғалысы» мемориалын орналастыру үшін жер учаскесі бөлінбегендігін хабарлаймын. Сондай-ақ, Сіз әкімдіктің арнайы комиссиясы қарауына белгіленген тәртіпте қаралатын аталған мемориалдың жобалық материалдарын ұсынуыңызға болады. Тұрғын үй кешенін салуға жер учаскесін бөлуге қатысты, ҚР жер заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2015 жылдың басынан аталған мақсат үшін учаске ұсыну жер сауда-саттықтарын (аукциондарды) өткізу арқылы тікелей жүзеге асырылатындығын хабарлаймыз. Өткізілетін сауда-саттық туралы, Сіз сауда-саттықты өткізу рәсімдері және кепілдік төлем көлемі, бастапқы баға, жер учаскелері және олардың параметрлерінің тізімі көрсетілген тиісті ақпараттық хабарламалар жарияланатын, Астана қаласы әкімдігі сайтының(astana.gov.kz)«Информбюро» бөлімінен немесе «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінен біле аласыз.