ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АТАМКУЛОВ Б.Б. ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Б.А. интернет-конференция

  • Сұрақтар: 18
  • Жауаптар: 17
  • 03.12.2015
  • 03.12.2015
  • Аким Южно-Казхстанской области

Толешев Ермек 03.12.2015, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Бейбіт Бәкірұлы. "Нұрлы жол-болашаққа бастар жол" бағдарламасы аясында ОҚО бойынша білім беру саласында бірқатар нысандарға Ұлттық қордан қомақты қаражат қарастырылғаны белгілі. Облысымыздың аудандар кесііндісінде аталған нысандардың құрылысы, қай басымдылықта бағытталғаны жөнінде мәлімет берсеңіз?

Администратор 04.12.2015

Құрметті Толешов Ермек! Қазіргі таңда "Нұрлы жол-болашаққа бастар жол" бағдарламасы аясында, Ұлттық қордан облысымыздың аудандарына білім саласы бойынша 5 959 895,0 мың теңгеге 10 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 2 апаттық мектептің, 7 үш ауысымды мектептің және бір 280 орындық бала-бақша нысандары қамтылған. Яғни, Мақтарал ауданында 1 мектеп, Сарыағаш ауданында 2 мектеп, Сайрам ауданында 5 мектеп, Қазығұрт ауданында 1 мектеп және Түркістан қаласында 1 бала-бақша. Басым көпшілігінде халық тығыз орналасқан аудандар қамтылып отыр.