ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АТАМКУЛОВ Б.Б. ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Б.А. интернет-конференция

  • Сұрақтар: 18
  • Жауаптар: 17
  • 03.12.2015
  • 03.12.2015
  • Аким Южно-Казхстанской области

Тасболатов Мақсат 03.12.2015, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті облыс әкімі! Менің сізге бір сауалым бар еді, Мақтарал ауданы Қоғалы ауылының ауыз су мәселесі қашан шешіледі?

Администратор 04.12.2015

Құрметті Тасболатов Мақсат! Интернет-конференцияға қатысқаныңыз үшін рахмет! Облыстық бюджеттен 2014 жылы 30,0 млн.теңге бөлініп, «ОҚО Мақтарал ауданының Жетісай топтасқан су өткізгішіне қосылған елді мекендердің сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта құру (ІІ кезек)» (жалпы құны 1 304 897 мың теңге) жобасының құрылысы басталған. Мердігер мекеме- Комби-Строй-1» ЖШС-і болып табылады. Аталған жобада Мақтарал ауданы, Атамекен ауылдық округінің Атамекен, Талапты, Мақташы, Жеңістің 40-жылдығы, Жемісті, Қоғалы және Жылы су ауылдық округінің Сейфуллин, Құлшығаш елді мекендеріндегі ауыз су құбырларының құрылыстары қаралған. 2014 жылы бөлінген 30 млн.теңгеге Құлшығаш елді мекенінде құрылыс жұмыстары жүргізілген. Ал, 2015 жылға қаралған 772,5 млн.теңгеге Атамекен, Талапты, Мақташы, Жеңістің 40-жылдығы, Жемісті, Қоғалы ауылдарында құрылыс жұмыстары жүргізілді. 2016 жылға нысан құрылысын аяқтауға қажетті 394 219,0 мың теңге қаралған.