АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАЙБЕК БАУЫРЖАН ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАЙБЕК БАУЫРЖАН ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ интернет-конференция
- Сұрақтар: 119
- Жауаптар: 119
- 29.12.2015
- 29.12.2015
- Аким города Алматы
Отарбаева Зина 29.12.2015, Сұрақ нөмірі:
Құрметті әкім мырза!
Мен, Отарбаева Зина, жасым 73-те, зейнеткер. Алматы облысы, Қаскелеңі ауданы, Каменское ауылдық округі әкімінің 1998 жылғы 03 ақпандағы №2234-02 шешімі негізінде Қалқаман ықшам ауданынан 0,06 га жер учаскесін алдым. 2002 жылы аталған жер учаскесі Алматы қаласы, Әуезов ауданына қарап, №315/20 ретінде тіркелді. 1998 жылы осы учаскеге жеке тұрғын үй салып алдым. Алайда, құжаттары болмағандықтан магистральді газге, суға, канализацияға қосылмай отыр. Сол жылдан бері жердің салығын жыл сайын және жарыққа тұрақты түрде төлемін төлеп отырмын.
2006 жылы Алматы қаласы әкімінің атына жер учаскесінің құжаттарын заңдастыру туралы өтініш жаздым. Қызыл сызықта тұрғанына байланысты заңдастырылудан бас тартылды.
Қазіргі уақытта менің жан-жағымдағы көршілерім қызыл сызықтың бойында тұрған жер учаскелерін заңдастырып жатыр.
Сізден, қызыл сызықта орналасқан жерімді қоспай қалған бөлігін заңдастырып беруіңізді сұраймын.
Көтеріп отырған мәселем, сіз тарапыңыздан оң шешімін табады деген сенімдемін.
Администратор 29.12.2015
Сіздің өтінішіңіз белгіленген тәртіпте уәкілетті мемлекеттік органдармен өңделген және Жер комиссиясының 2014 жылғы 09 шщілдедегі отырысының қарауына енгізілген. Нәтижесінде сұралған жер учаскесі қаланың Бас жоспары мен ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVІ сессиясының 20.11.2006 жылғы № 284 шешімімен бекітілген Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс жүргізудің қалақұрылыстық регламенттерін жүзеге асыру жоспарына сәйкес: - сұралған жер учаскесі жеке тұрғын үйді орналастыру үшін қарастырылмағандығына, сондай-ақ ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес құрылыс шекараларын реттеу үшін қолданылатын көшенің «қызыл сызықтары» шегінде орналасқандығына байланысты. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 26 бабына сәйкес ортақ пайдаланудағы жолдар, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы жер учаскелеріне өтуге арналған жолдар азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың бөлек меншігіне және жер пайдалануына берілмейді. - толығымен электр тасымалдау желілерінің (220 кВт) шектеу аймағында. Жер комиссиясы қорытындысының негізінде Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қазандағы «Жер учаскелеріне құқық беруден бас тарту туралы» № 4/573-4844 қаулысы қабылданған, қаулының көшірмесін заңнамада белгіленген мерзімде Сізге жіберілген.