ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АТАМКУЛОВ Б.Б. ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Б.А. интернет-конференция

  • Сұрақтар: 18
  • Жауаптар: 17
  • 03.12.2015
  • 03.12.2015
  • Аким Южно-Казхстанской области

Шынгыс Абуов 03.12.2015, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Бейбіт Бәкірұлы. Құрылыс саласындағы нысанды қабылдау тәртібінде өзгеріс болама ма?

Администратор 04.12.2015

Құрметті Шынгыс Абуов, сұрағыңызға рахмет. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес құрылыс объектілерді пайдалануға қабылдау жүйелері реформаланды. Осы Заң объектілерді комиссия арқылы пайдалануға қабылдауды алып тастады және объектіні пайдалануға қабылдаудың декларациялық әдісі енгізілді, яғни объектілер мемлекеттік органның қатысуынсыз, құрылысқа тапсырыс беруші мердігермен, техникалық және авторлық қадағалаулармен бірлесіп бекіткен тиісті нысандар бойынша пайдалануға қабылданады. Бұл өзгеріс 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.