АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАЙБЕК БАУЫРЖАН ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАЙБЕК БАУЫРЖАН ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ интернет-конференция
- Сұрақтар: 119
- Жауаптар: 119
- 29.12.2015
- 29.12.2015
- Аким города Алматы
Сағындықова Ж 29.12.2015, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсіздерме! Біздің Таугуль-3 ықшам ауданында №98-ші автобус қатынайтын еді, қазір себебін білмейміз тоқтатып тастады. Қалаға қарай қатынау аудан тұрғындарына қиындық туғызып тұр. Қала ортасына қарай баратын халыққа (зейнеткерлер, студенттер кейбір оқушылар) жандосов көшесіне қарай шұбырып жатады. Екі ортасы 1 шақырымдай, әсіресе қыстың күні қиындық тудырып отыр. Аудан ішінде аялдамалары дайын. Осы бағыт бойынша транспорт қосу қарастырылуда ма? Көмектесініздерші
Администратор 30.12.2015
№ 98 маршрутқа қызмет көрсеткен "БаТу travel компаниясы" ЖШС жолаушылар санының жеткіліксіздігінен аталған маршруттан бас тартты. Алматы қаласындағы қоғамдық көліктің қызметін жақсарту және жолаушылар тасымалдарының сапасын көтеру мақсатында Алматы қаласының әкімдігі 2016 жылдың ІІ жартыжылдығында маршрут желісін кезеңмен оңтайландыру және магистралдық көшелердің бойымен арнайы жолақ орналастыруды жоспарлап отыр. Осыған байланысты, Таугүл шағын ауданында қосымша маршрут жүргізу мәселесі аталған жобаның шегінде қарастырылатын болады. Таугүл шағын ауданының көліктік қызметін № 32, 34, 104, 128, 22 маршруттар жүргізетінін қосымша хабарлаймыз.